Алматы облысында аурухана әкімдігі ₸2,1 млрд жымқырған

Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі 2 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Олар өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды сатып алу туралы жалған құжаттар жасаған. Бұл жайтқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген болатын.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.