Абай облысындағы Бақты кеден бекетінде уақытша шектеу қойылды

Бақты кеден бекетінде жеке тұлғаларды өткізуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі мұнда 10 қарашадан бастап жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай президенттерінің келісімімен 30 күндік визасыз режим енгізілген болатын. Осыған орай мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде халықтың қатынау қарқыны күшейеді деп күтілуде.