Түркістандық нерохирургтар эпилепсияны емдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізді

Озық операция Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада жасалып жатыр.

Дәрігерлер ми жасушасындағы қатерлі бөліктерді хирургиялық жолмен алып тастап, ісіктің таралуын тоқтатты. Биыл жоғары технологиялық операция екі бірдей науқасқа жасалды. Операциядан кейін 35 және 40 жастағы ер кісілердің құрысу ұстамалары тоқтаған. Нейрохируртар созылмалы сырқаттан құлан таза айығу үшін оларды екі жыл бақылауда ұстап, қосымша емдік шаралар көрсетілетінін айтады. Жалпы бұған дейін жергілікті тұрғындар операцияға кезекке тұрып, Астана, Алматы қалаларына баруға мәжбүр болған.

Нұрхан Өтенов, облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігері:

- Нейронавигация яғни МРТ аппараттары қосылды және бөлімшеге невропотолог дәрігер яғни эпилепсиямен айналысатын дәрігер алынды. Бізде жаңадан енгізілгеннен кейін жұмыстар жүргізу керек. Жылына біз 5-10 операциядан енгізсек алдағы жылдары көлемін ұлғайтамыз.