Қырғызстаннан келетін су көлемі артады

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысындағы суармалы алқаптарға су беру туралы келісімге келді.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бішкекте өткен келіссөздер нәтижесінде қос тарап Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қайта қалпына келтіру жөнінде келісті. Сондай-ақ, министр Нұржан Нұржігітов елге жеткізілетін су көлемін арттыру үшін мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы нысандарының тізімін кеңейтуді ұсынды.  Қазақстан тарабы Күркіреусу, Шу және Талас өзендеріндегі бірнеше каналды тізімге енгізу мәселесін көтерді. Министрдің айтуынша, бұл шаралар су тапшылығын алдын алуға елеулі ықпал етпек.