Балаға зорлық-зомбылық жасағанда тараптардың татуласуына жол берілмеуі мүмкін

Балаларға зорлық-зомбылық жасалған жағдайда тараптардың татуласуына жол берілмеуі мүмкін.

Сондай-ақ жеңіл жарақаттаған жағдайда қол көтерген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Заң жобасы қазір Үкіметте талқыланып жатыр. Мұны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл айтты. Динара Зәкиеваның пікірінше жазаны қатаңдату жеткіліксіз. Қоғамда идеологиялық жұмысты күшейту керек.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Егер сіз зорлық-зомбылық туралы фактілер білсеңіз, 111 номеріне қоңырау шалыңыз. Ол өте маңызды. Себебі тергеу барысында қылмыстардың 70 пайызында біреу бірдеңені білгені, көргені анықталып жатады. Бірақ, ол адамдар қайда қоңырау шалу керек екенін білмеді немесе қорықұты. Сол себептен әрине барлық факты бойынша ақпарат тексерілетін болады.