Халық саны қалай өзгерді?

Небәрі екі жылда Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп отыр.

Бұл - рекорд. Себебі халық санының өсуіндегі айтулы меже әр 4-5 жылда ғана байқалған. Айталық, 15 миллиондық межеге 2004 жылы қол жеткізілді.  2009 жылы қазақстанның 16 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. 2013 жылы 17 миллион болсақ, одан кейінгі 4 жылда халық саны 19 миллионға жеткен еді. Араға екі жыл салып есеп 20 миллионға барды.

Халық саны қалай өсті?

15 миллион – 2004ж.

16 миллион – 2009ж.

17 миллион – 2013ж.

18 миллион – 2017ж.

19 миллион – 2021ж.

20 миллион – 2023 жылдың қарашасы.