«Теңіз» кен алаңында мұнай төгілген

КТЛ зауыты мен мұнай  қоймасы арасын жалғайтын құбырдан ақау шығып, шамамен 60 тоннадай мұнай аққан.

Ластанған аумақ 50 шаршы метр. Төтенше жағдай 12 қарашада болған. Бірақ бүгін ғана жария болды. Атырау облысы бойынша экология департаменті «Теңіз» кен алаңы орналасқан Жылыой аудандық прокуратурасына мәлімдеме жолдап, қазір қадағалаушы орган оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Экологтар «Теңіз» кен алаңында жұмыс істеп жатқан компания тарапынан мұнай төгу дерегі  бұрын да  болғанын айтады.

Сырым Тілегенов, облыстық  бас мемлекеттік экологиялық инспектор:

- Қазіргі таңда ТШО компаниясына жоспардан тыс тексеріс жүргізу мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде. Атап өтетін жағдай осындай жағдай 12 қыркүйекте де дәл осы құбырдың бойынан мұнай төгіліп, мұнаймен жерді ластау фактісі орын алды. Ол бойынша Жылыой аудандық прокуратурасының тапсырмасы негізінде ТШО компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.