Ә. Смайылов: Елдегі су қоймаларын жөндеу қажет

Елдегі көптеген су қоймасына күрделі жөндеу қажет және бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізу керек.

Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Ол 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды. Өңірдегі Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ суармалы жердегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды. «Алтай» көтерме-тарату орталығы, Риддер қаласындағы емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелері де сөз болды.