Атырау жолды неміс технологиясымен салып жатыр

Мұның басқадан бәсі артық болатын себебі, асфальт ми қайнатар ыстыққа, шыңылтыр аязға да төзімді әрі көлік қозғалысына қауіпсіз.

«Сәтін салса Атыраудың жолдары айнадай жарқырайды»,- дейді мамандар.

Биыл шаһардың өз басында 3 көшенің жол құрылысына осы жаңа технология қолданыла бастады. Тәжірибе оң нәтиже берсе, әрине, жоба келер жылы да жалғасады.

«ШМА-20» маркалы асфальт жабындысы еуропада жарты ғасырдан астам уақыт тұрақты қолданыста. Кейін Қазақстандағы жол құрылысына шетелдік жолшыларды тартудың нәтижесінде жаңа технология елімізге енгізіле бастады. Оның артықшылығы Атыраудың климатына қолайлы, тұзды топырққа төзімді болғандықтан жөнделген жол бұрынғыдан екі есе мерізмге шыдас береді, дейді мамандар.

Ермек Зәленов, мердігер мекеме өкілі:

- Жазда +40 қа дейін өзінің мөлшерін ұстайды. Біз қазір Құлманов көшесіне 5 см ШМА-ны төсеп жатырмыз. Әрі қарай осы қаламызды осы составпен ШМА-20 мен салсақ, қаламыз онан әрі көркейеді. Деформацияға да машинаның жүруіне де төзімді. Асфальт жиналып қалмайды. Төзімді.

Биыл Атырау қаласы бойынша 18 шақырымға жуық көше жолдары орташа жөндеуден өткізіліп жатыр. Оның 3,2 шақырымы жаңа технологияға негізделген.

Алмас Сәрсенов, қалалық  жолаушылар көлігі  және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Жоба аясында қолданыстағы тозығы жеткен асфальт жабындысын қырып, орнына жаңадан қиыршық тасты мастикалық асфальт-бетон жабындысын төсеу қарастырылған. Бұл жоба аясында жалпы, жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге қаралған болатын. 

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Ірі қиыршық тасыт асфальт жабындысы бұған дейін Ақтөбе-Атырау күре жолының құрылсына қолданылған болатын. Биылдан бастап қала көшелеріне де енгізіле бастады. Егер де жаңа технология оң нәтиже беретін болса, келер жылдары қалада тағы 13 көше толықтай жарақтандырылатын болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рамхетуллин