Тұңғыш Президент інісі Б.Назарбаевтың дүниеден өткеніне орай ас берді

Осы аптаның басында елдің тұғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың дүние салғаны белгілі.

Бүгін Астанадағы Орталық мешітте бір қауым ел жиылып марқұмды еске алды. Ас берілді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев бауыры Болат Назарбаевтың дүниеден өткеніне байланысты елордадағы бас мешітте ас берді. Асқа мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Қырымбек Көшербаев, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбаев, Алтынбек Қоразбаев келген.  Олар тұңғыш президентке, марқұмның туған-туыстарына жылы лебіздерін білдіріп, қайғыра көңіл айтты.

Қырымбек Көшербаев,  Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері:

- Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, құрметті қауым. Нұрсұлтан Әбішұлы сізге және әулетінізге Болат Әбішұлының қайтыс болуына байланысты шың жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның иманы саламат болсын. Қазақта қайғы адамның еңсесін басады, құран адамның еңсенін көтереді деген сөз бар. Бүгінгі оқылған құран, айтылған айтылар тілек, беріліп жатқан ас қабыл болсын.

Қуаныш Сұлтанов, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері:

- Нұрсұлтан аға қажымаңыз, қайғырмаңыз сіздің қайратыңыз ел арасында, елге өзіңіздің даралық жолыңызды артуға мейлінше жеткілікті өзіңізден басқа, отбасыңызға, әулетіңізге денсаулық, мықты өздеріңіздің отбасылық дәстүрлерініздің жақсылығын дами беруін тілеймін. Рахмет.

Аста қара көрсеткендердің қатарында жоғары билік эшелонында қызмет атқарған Нұртай Әбіқаев, Марат Тәжин, Сергей Кулагин, Даниял Ахметов,/ Ахметжан Есімов/, Қайрат Мәми, /Қайрат Қожамжаров/, Берік Имашев, Өмірзақ Шөкеев, Ермұхамет Ертісбаев бар. Бұрынғы министрлер /Бақтықожа Ізмұхаммедов/ Қайырбек Сүлейменов, Қалмұханбет Қасымов, Ерлан Тұрғымбаев, Нұрлан Ермекбаев, Сауытбек Абдрахманов, Гүлшара Әбіхалықова, Дархан Мыңбай, /Күләш Шәмшиденова/ сонымен қатар Бүркіт  Аяған /Роза Мұқанова/ келген. Бизнесмендер /Серікжан Сейітжанов/, /Айдын Рахымбаев/ сонымен қатар марқұмның жақындары /Әнипа Назарбаева/ мен /Дариға Назарбаева/, Тимур Құлыбаев асқа қатысты.  

Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері:

- Сізге және сіздің әулетіңізге Болат Әбішұлының қайтыс болуына байланысты жағдайларыңызға ортақпыз, көңіл айтамын. Тас түскен жеріне ауыр дейді әрине бұл өте ауыр қаза, бауыр ең жақыныңыз, ол жаңашырыңыз, ол қолдаушыңыз. Болат Әбішұлының жатқан жері жарық болсын, иманы дос болсын, отбасына, бала-шағасына алда жақсылықтар болсын деп тілегім келеді.

Даниал Ахметов, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері:

- Біздің Бөкеміз бүгін мәңгілікте. Мен Бөкенді жақсы білемін. Тамаша қасиеті болған. Бөкен қандай еді шың жүрекпен, ақ ниетпен жерлестеріне көмектескен мейірімділік, қайырымдылық міне Бөкеннің тамаша қасиеті. Бірақта Бөкен бүгін мәңгілікте иманды болсын, топырағы торқа болсын. Қымбатты Н. Әбішұлы барша қазақстандықтар сізбен бірге. Сізге зор денсаулық тілеймін. Балаларыңызбен бақытқа жетіңіз. Қазақстандықтармен, елмен бірге бақытқа жете беріңіз.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Қабырғамыз қайысқан біздің жанұяның қиыншылығын бірге көтеруге Президентіміз Қ.К.Тоқаевтан бастап көрші елдердің, арғы елдердің президенттері көңілін айтып жатыр. Өзіміздің ішіміздегі азаматтардың солардың барлығына ризашылығымды мен білдіремін.

Сондай-ақ тұңғыш президент жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы еске салып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.