Алматы облысында аналар кеңесінің ықпалымен 60 отбасы сақталды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 100-ге жуық әйелге әлеуметтік әрі психологиялық көмек берілді.

Облыстық кеңестің кезекті отырысы Түрген ауылында өтті. «Елде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 ана қайтыс болады», - дейді кеңес төрағасы Нәзипа Шанаи. Бұл мәселе облыс үшін де өзекті. Кеңесте тұрмыстық жанжалдың себеп-салдары, ажырасу, әйелді қорлау, қоғамдағы ащы шындық - бала зорлау сынды өткір мәселелер талқыланды. Әр аудан мен ауылда құрылған аналар кеңесінің жұмыстары қорытындыланды. Мысалы Талғар ауданында ерте жүктілік деректері азайып, жасөспірімдер қылмысы төмендеген. Қауіпсіздікті күшейту, тәртіпті қадағалау ісінде әр ауылда әкелердің кеңесі де құрылу керек деген ұсыныс айтылды.

Нәзипа Шанаи, ҚХА республикалық аналар кеңесінің төрағасы:

- Аналар кеңесінің бүгінгі таңдағы жұмысы заңға енгізіліп жатқан өзгерістерді қоғамға жеткізумен қатар міндетті  түрде тәрбие жұмысын қолға алу. скл «Біз бүгін болашақ ұрпақты өз құқын білетін етіп тәрбиелеуіміз керек. Құқын білген адам біреудің құқын бұзбайды. Өзінің де құқығын бұздырмайды.