Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Астанада коммуналдық қызметтер дауылдың салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің қатты болғаны соншалық, біраз ғимаратқа зақым келді. Әлеуметтік желілерде түрлі видео мен суреттер жарияланып жатыр. Мәселен, кеше сағат 21:30-да дауылдан №79 мектеп-лицей қасбетінің бір бөлігі опырылып жерге түскен. Қалалық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, қалпына келтіру жұмыстары ауа райы тұрақталғаннан кейін басталады. Егер көшеде кетіп бара жатқанда қатты жел тұрса, жерасты өткелдерін немесе ғимараттардың кіреберістерін паналаңыз. Құтқарушылар осындай кеңес береді.