Тұрақтандыру қорларында 180 мың тонна көкөніс бар

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жасақталып жатыр.

Қазіргі таңда аймақтардағы тұрақтандыру қорларында 180 мың тоннадан астам көкөніс сақталған. Онда 102 мың тонна картоп, 28 мың тонна пияз, 22 мың тонна қырыққабат және сәбіздің 28 мың тонннасы бар. Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс тәсілі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру жүргізілді. Бұл шаралар әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдерінің жеткілікті қорын қамтамасыз етіп, маусымаралық кезеңде бағаның тұрақтылығын сақтайды.