Елде ажырасу саны азайды

Қазақстан халқының 60%-ін заңды некеде тұрған ерлі-зайыптылар құрайды.

Ал ажырасқандардың үлесі небәрі 6% шамасында. Ұлттық санақ барысында ажырасып, кейін-қайта үйленген адамдардың саны да есепке алынған. Олар халықтың 9%-ін құрайды. Қоғамда бойдақтардың үлесі де басым. 2021 жылғы санақ бойынша сұр бойдақтардың саны 28%-ке жеткен.

Неке бұзу көрсеткіші бойынша Астана мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Былтыр ел бойынша 44 517 ажырасу дерегі тіркелген. Мамандар бұл соңғы 5 жыл көлемінде ең төмен көрсеткіш екенін алға тартуда.

Жазира Маратқызы, Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы:

- Жас мөлшері туралы айтатын болсақ, 30-34 жас аралығындағы жұптар жиірек ажырасады. Олардың жалпы ажырасқандардың арасындағы үлесі – 25,5%. Ал ажырасатындардың көпшілігі 5 жылға дейін некелескендердің арасында тіркелді. Олардың үлесі – 29,2%.