Қызылордада қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 адам қамауға алынды.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің облыстық департаменті хабарлап отыр. Күдіктілер жеЛілік маркетинг деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан, 44 млн теңгеге жуық қаржы жинаған. Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаражат салғаны анықталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан  1 млн 200 мың теңге көлемінде  қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.