Ақтауда оқушылар қашықтан оқуға көшті

Ақтауда ауа райының күрт бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқуға көшті.

Өңірде қатты жел тұрды. Бейнеу ауданында 24 мектепте сабақ тоқтады. Ал Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түп-қараған аудандарында оқу жағдай тұрақты, сабақ дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Бейнеу ауданында екпінді жел 2 үйдің шатырын жұлып әкеткен. Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында зақым келген үй мен пирстің видеосы тарады. Пирс қирап, жартылай суға кеткен. Зардап шекендер жоқ .

Данияр Елшібаев, облыстық ТЖД бөлімінің бастығы:

- Қатты жел дауылды жел болып жатыр. Нақтырақ айтқанда солтүстік – батыстан 23 және 28 м/с. Күндізгі уақыттарда 15-20 секунд болса, түнгі уақытта 23-28 секундқа дейін орын алып жатыр. Кейбір уақыттарда ол 30 м/с және одан да жоғары қазір күтілуде.