WorldSkills: Колледж студенттері бақ сынайды

550-ге жуық колледж студенті WorldSkills республикалық біріншілігінде бақ сынайды.

Осымен 8-ші мәрте өткізіліп жатқан ішкі чемпионатқа 22 жасқа дейінгі жастар қатысады. Олардың кәсіби шеберлігіне 500-ден астам сарапшы баға береді. Үш күнге жалғасатын жарыстың бүгін ресми ашылу салтанаты өтті. Доданың негізгі бөлігі ертең Экспо халықаралық көрмесі аумағында жалғасады. Қатысушылар кірпіш қалау, жөндеу, бастауыш сыныптарды оқыту, IT-кәсіпкерлік, қонақүй мен мейрамхана қызметі, аспаздық пен шаштараз өнерінен өзара сайысқа түседі. Жеңімпаздар келер жылы Францияда өтетін халықаралық біріншілікке жолдама алып, ел намысын қорғайды.

Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Бұл WorldSkills қозғалысының негізгі мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру. Соның ішінде қазір біз халықаралық деңгейге шыққан кезде халықаралық стандарттарды біздің оқу бағдарламаларымызға жұмыс берушілермен бірлесе отырып, мықты мамандарды даярлауға жұмыстарды жүргізудеміз.