Ақтөбеде сиырлар белгісіз дерттен өліп жатыр

Ақтөбе облысында мал қырылу дерегі тіркелді. Соңғы алты күн ішінде Алға ауданындағы бір қожалықта 9 сиыр өлген.

Әзірге оның нақты себебі белгісіз. Қазір ветеринар мамандар тиісті шараны қолға алып, зертханаға материал тапсырған. Қортындысы 10 күннен кейін белгілі болмақ.

«Ірі қаралардың улануы мүмкін» деген де болжам айтылуда. Қазір, шаруашылықтағы малдың жайылым бағыты өзгертілген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Бердімұрат Бекжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Ветеринар мамандар сол кезде барып өздерінің шараларын жасап, алдын-ала өлексені сойып қарау кезінде улану деген диагноз қойды. Біздің тағы да бір қаупіміз "қарасан" ауруы деп есептеп отырмыз. Лаборатория ғана анықтай алады оны. Диагноз анықталып жатса, бұларда эпизоотияға қарсы отряд бар сол сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.