Екібастұз жылу орталығында он қазандықтың сегізіне жөндеу жүргізілді

Екібастұз жылу электр орталығындағы 10 қазандықтың 8-іне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нысан қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалған екі агрегат бойынша шаралар аяқталуға жақын. Таяуда іске қосылады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов БАҚ өкілдеріне арналған есеп беру жиынында айтты. Жалпы жөндеу жұмыстарына 17 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның тең жартысы бюджеттен және қалған жартысы "Орталық азиялық электро-энергетикалық корпорация" АҚ есебінен аударылды. Биыл Екібастұз қаласында жалпы ұзындығы 70 шақырымнан астам жылу желілері жаңғыртылды. Қалаға жылу жеткізетін құбырларды жөндеуге 5,1 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде 2,1 млрд теңге облыстық бюджеттен және 3 млрд теңгені "Екібастұз жылуэнерго" ЖШС-нен бөлінді.

Асайын Байқанов, Павлодар облысының әкімі:

- Былтырғы апаттың қайталануы болмайды деп сенемін. Керекті шараларды қолдандық. Шешім қабылдадық. Ең бастысы станциядағы бүкіл қазандық жөндеуден өтті. Апаттығын азайту үшін гидравликалық сынақ өткіздік. Ол сынақ 16 келілік қысыммен өткізілген. 1,5 есе көп қысым көрсетілгеннен кейін бұл желілер қысқа шыдау керек.