Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, батыс өңірлерде қар мен жаңбыр жауады. Ал өзге облыстарда тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Сондай-ақ еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда көктайғақ болады. Бүгін кешке дейін Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Маңғыстау және Атырау облыстарында қолайсыз ауа райы сақталады.

Еске сала кетсек, Төтенше жағдайлар қызметі 10 өңірде дауылды ескерту жариялады.