Екі жылда 3,6 мың шақырым жол жөнделеді

Алдағы 2 жылдың ішінде 3,6 мың шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары бойынша жұмыстар аяқталған. Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету. Себебі салаға қатысы сын-пікір көп. Тек былтырдың өзінде мемлекеттік органдарға 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. Үкімет басшысы барлық жоспарланған жобаның уақытылы іске асуын қамтамасыз етуді, битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шаралар қабылдауды, оны сақтау және пайдалану технологиясын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.