Арқалық қаласында екі өндіріс орны жұмысын тоқтатты

Арқалық қаласында екі өндіріс орны жұмысын тоқтатты

Арқалық қаласында екі жыл бұрын ашылған тері илеу зауыты мен былғары өнімдерін шығаратын тігін цехы жұмысын тоқтатты.

Соның салдарынан шағын шаҺарда қырық шақты адам жұмыссыз қалды.

Айгүл Үсенова тігін цехы ашылған сәттен жұмыс істегендердің бірі. Мемлекеттік бағдарламамен мамандықты меңгеріп, грант есебінен екі тігін машинасын сатып алған. Сосын жеке кәсіпкер ретінде былғары өнімдерін тігуге «Үміт» серіктестігімен келісім-шартқа отырады. Мұндағы қыз-келіншектердің басым бөлігі осындай жолмен өз кәсіптерін бастаған. Алайда әп-әдемі басталған істің аяғы сұйылып кетті. Тапсырыс азайып,табыс төмендеді.  

Айгүл Үсенова, Арқалық қаласының тұрғыны:

- Бір кешіктірді, екі кешіктірді. Әлгі төлемдерді төлемеді, строховой, медицинский страховой, социальное отчисление. Соларымызды төлеген жоқ.Налог қайта-қайта бізге звондайды ИП болғасын төлеу керек. Апрельде соңғы төлемімізді, алатын ақшамызды әрең алдық. Оның өзі маған мен сияқты айқайлайтын үш-төрт адамбыз, бізге ғана берді.

Ұзақ жылдар тоқырап тұрған Арқалықтағы тері илеу зауыты қайта жанданғанда жергілікті халықтың қуанғаны рас. Босқа ысырап болып жатқан мал терісін пайдаға жаратар күн туды деп үміттенген. Зауытты іске қосуға 600 миллион тенге ақша жұмсалды. Кәсіпорын айына 126 тонна қара мал терісін өңдеуге қауқарлы еді. Бастапқыда жұмыс қызу басталды. Өңделген былғары Италия, Испания, Түркия елдеріне жіберілді. Сосын бірте-бірте саябырсып, ақыры биыл тоқтап тынды.  

Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі:

- Ең басты сатып алушы өндірісін Украина болатын. Байланыстар үзіліп қалғаннан кейін, ол серіктестік жұмысын тоқтатты 23 жылдың басынан бастап. Үміт серіктестігі жұмысын тоқтатқаннан бері, қазір қара малдың болсын, басқа малдың терісін алмайды. 

Қазір әкімдік қос өндіріс орынын қайта жандандыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі:

Жылдың аяғына шейін басқа бір инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатырық келіссөз жұмыстарын. Біздің тараптан да, Үміттің басшсы да бір инвесторлармен келісім-шартқа отырамыз деп ойлаймыз. Қазір келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тері илеу зауыты, тігін цехы тоқтағаннан бері қырық шақты адам жұмыссыз қалды. Әзірге олар өндіріс қайта жаңғырар деген үміттерін жоғалтқысы жоқ. Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг