Заңгер: Елдегі хостелдерді жедел тексеру керек

Мораторийға қарамай елдегі барлық хостелді жедел түрде тексеру керек.

Себебі, таразының бір басында адамның қауіпсіздігі тұр. Білікті заңгер Бекнұр Жалғасов осылай деді.

Маманның айтуынша, хостелдерде ең алдымен өрт қауіпсіздігі шаралары сақталуы тиіс.

Осы бизнесті жүргізіп отырған кәсіпкерлер, жауапкершілікті сезінуі маңызды, - дейді заңгер.

Ал нысанда төтенше жағдай бола қалған жағдайда, арнайы сараптама жүргізіліп, хостел иесіне, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бекнұр Жалғасов, заңгер:

- Таразы басында адам өмірі тұрғандықтан тексеру жұмыстарын жүргізу абзал. Себебі бүгін Алматыда болса ертең басқа жерде болуы мүмкін ғой. Сондықтан төтенше жағдай қызметтері тексеру жүргізу керек мораторийға қарамай жедел жүргузуі қажет. Заң тұрғысынан алатын болмақ, 292 бабы бар өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу деген. Мұнда сараптама жүргізіледі. Жауапкершіліктің жоғары түрі болса, сараптама тағайындалып, бас бостандығынан айыру мәселесі қарастырылады.