Саусақ ізін тапсыру кейінге шегерілді

Саусақ ізін міндетті тіркеу талабы келер жылдың 1 қаңтарында емес, кейін жүзеге асырылатын болды.

Қазір құжат Мәжіліс қарауына жіберілді. Жалпы дактилоскопиялық тіркеу жеке тұлғалардың биометриялық сәйкестендіруін жетілдіруге бағытталған. Оны жеке куәлік пен төлқұжат алған кезде тапсыру керек. Яғни ол азамат жайлы барлық ақпаратты қамтиды.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Азаматтардан конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көп өтініш келді. Біз қоғамның пікірін тыңдап, сарапшылармен бірге мәселені талқыладық. Нәтижесінде бірінші қаңтардан бастап азаматтар саусақ ізін тапсырмайды. Депутаттар мақұлдаса, дактилоскопиялық тіркеу бұрынғыдай тек шетел азаматтары үшін міндетті болып қала береді.