ЖОО басшылары біліктілігін арттырды

Елдегі 28 жоғары оқу орнының 100-ге жуық басшысы «Академик Лидершип Програм» модулін қорытындылады.

Ректорлар мен проректордың, декандар мен кафедра меңгерушілерінің басын біріктірген арнайы оқу бағдарламасы 6 айға созылды. Жоба университетті тиімді басқару үшін қажетті білім алуға бағытталған. Ал әрбір сабақ студенттік мәселелерді шешу, инновациялық технологияларды игеру мен академиялық оқудың сапасын арттыруды қамтыды. Сондай-ақ білім алушылар Ұлыбританияға барып,, шетелдік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып қайтты.

Айжан Темербаева, Қарағанды техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы:

- Ең үлкен мәселе университеттердегі – коммуникация мәселесі. Мен үшін пайдалы нәрсе ол коммуникативтік стратегиясын қалай құру керек университеттерде. Әріптестер өзара бір-бірімен бөлісіп, унивеситетте отырмай, жалпы проблемаларын біріктіріп бірге шешу керек.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Мұғалімдердің еңбекақысын көтердік, мұғалімдердің статусын заңды түрде көтердік, Оқу орны жандарында жатақхана салынып жатыр, гранттың санны көбейттік, стипендияны көбейттік. Сонымен бүгінгі таңда негізгі мәселелер шешіліп жатыр деп айтуға болады. Енді біздің алдымызға қойып отырған Мемлекет басшысының талабы - соған сәйкес білім сапасын көтеру қажет.