Қазақстан мен Германия құқық саласындағы ынтымақтастығын нығайтады

Бұл туралы Берлинде өткен кездесуде айтылды.

Басқосуға Германия сыртқы істер министрлігінің шақыруымен қазақстандық судьялар қатысқан. Біздің делегация құрамында Конституциялық және Жоғарғы Сот, Жоғары Сот кеңесі, Сенат пен Мәжіліс өкілдері бар. Кездесудегі мақсат - құқық саласында диалог жүргізіп, неміс әріптестерімен пікір алмасу. Іс-сапар барысында біздің делегация Германия Парламенті, Сыртқы істер министрлігі мен федералдық кеңестегі басқосуларға қатысты.

Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сот төрағасы:

- Германияның Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша келіп отырмыз. Негізгі себеп Қазақстанда болып жатқан реформаларға қолдау тауып оларды арман қарай жалғастыру. Біз бүгін Сыртқы істер министрлігінің статс-кеңесшісімен кездесу өткіздік. Кездесу барысында Қазақстанда болып жатқан сот қауымдастығындағы мынау жасанды интеллект цифровизация бойынша оң баға беріп, Германияның да бұл бағытта бізбен қарым қатынас жасау жөнінде аталып өтті.

Сондай-ақ...