Алматы облысындағы шаруалар жүгері өнімін өткізе алмай отыр

Алматы облысында жүгері өсіретін шаруалар шығынға баттық, дейді.

Себебі өнімге сұраныс азайып, екі есе арзандап кеткен. Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың ала жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді. Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді. Облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналады. «Тіпті, көрші Қытайға да өнімді өткізе алмаймыз», - дейді .    

Мунардин Османов, шаруа қожалығының басшысы:

- Шелек өңірінде қазір 40% ғана жүгері шабылды. Қалған 60% сол күйінде полелерінде тұр. Неге десеңіздер шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Қазіргі жүгерінің бағасы жүгерінің ылғалдығына қарап алады. скл «Мысалы, Шелек ауылында үлкен ХПП тұр.Сол хпп ны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сұрақтарды жинап осы кісілерді біз парламентке шақырамыз.Парламентке шақыртып оларға тағы да өз сөздерін қайталатып, қарама-қарсы оларға бүкіл министрліктерді отырғызамыз. Сауда министрлгі, ауылшаруашылық, экология министрлігі, жер мәселесі комитеті бойынша баролығын отырғызып, сол жерде жауабын беріп.