Елордада қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін елордада қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 50-ге жуық мемлекет елшіліктері, халықаралық мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері өз бұйымдарын көпшілікке ұсынды.

Елшілердің жұбайлары қауымдастығы ұйымдастыратын қайырымдылық жәрмеңкесі биыл елде 14-ші рет өтіп жатыр. Әртүрлі елдер мәдениетін көрсету арқылы мұқтаж адамдарға көмектесу іс-шарасын өткізу идеясы 2007 жылдан бері бастау алған. Бүгінде бұл елордадағы маңызды іс шаралардың біріне айналды.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:

- 50-ге жуық елшілік өкілдері осы жәрмеңкеге қатысып отыр. Мұнда тұрғындар әр елдің мәдениетімен танысып, олардың өз қолымен дайындап әкелген ұлттық бұйымдарын, тағамдарын сатып ала алады. Былтыр қайырымдылықтан 38 миллионға жуық қаражат жиналып рекордтық көрсеткіш көрсеткен болатын. Биыл одан да көп жиналады деген ойдамыз.

Шараның басты ерекшеліктерінің бірі бұл лоторея. Оған тұрғындар билет сатып алу арқылы қатыса алады. Жүлдегерлерді Түркияға, БАӘ-не саяхатқа жетелейтін сертификаттар кұтіп тұр. Одан бөлек бағалы 250-ден астам сыйлық түрі бар. Түскен ақша түгелдей қайырымдылыққа жұмсалады. Айта кетейік, мұндай жәрмеңке жыл сайын желтоқсанның алғашқы жексенбісінде өтеді.

Ли Сон Хи,ҚР-дағы Оңтүстік Корея елшісінің жұбайы:

- Бұл жерде сіздер Корея асханасының тағамдарымен жақынырақ танысазыдар. Бұл жерде ұлттық тағамдар өте көп. Яғни кореяның өзіндік тағамдары негізінен ащы салаттар, жеңіл тағамдар, басқа да мерекелік тағамдары бар. Мысалы "чипче"сияқты салат түрі.

Кестутис Янкаускас, ҚР-дағы Еуропа Одағының елшісі:

- Көріп отырғаныңыздай, Еуропалық Одақ көгілдір, дәстүрлі түстермен бейнеленген. Біз ең алдымен кішкентай тұтынушыларымызға Еуропаның құрастырғыш пазлын ұсынамыз. Одан өзге бізде әртүрлі өлшемдегі футболкалар, таңғы кофеге арналған кеселер бар.

Әлішер Әли, тілші:

- Өздеріңіз көріп тұрғандай жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасы қалың. Бұл жерге жиналғандар өздеріне ұнаған заттарды сатып алып, игі іске көмек білдіріп жатыр. Бізде қарап қалмадық. Таңғалатын несі бар? Қайырымдылық жасау қанымызда бар асыл қасиет.

Авторлары: Әлішер Әли, Диас Қовланбаев