Тараздық полицейлер электромобиль тізгіндейді

Қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндіріс орнында жасалған 25 электромобиль радиостанция, дыбыс күшейткіш және планшетпен жабдықталған.

GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Тәртіп сақшыларының айтуынша бензинмен жүретін көліктің жылдық шығыны 1 миллион теңге болса, жаңа техникаға 600 мың теңге кетеді. Оның толық қуаты 400 шақырымға жетеді. Автокөліктер облыс орталығын патрульдеуге жұмылдырылады. Алдағы уақытта шаһардың 15 аумағында көліктерді қуаттайтын станциялар пайда болады. 

Бауыржан Үдергенов, ПД бастығының орынбасары:

- Кәдімгі автокөліктерге қарағанда 2,5 есе үнемді. Біз оны санап көрдік. Жаңағы бензинмен жүретін көліктермен және электромобильдердің содержаниесіне тиімді болып саналып жатыр. Қазіргі заманға сай автокөліктер.