Атырау облысында игерілмеген жер мемлекетке қайтарылады

Атырау облысында ауылшаруашылығын дамыту мақсатында алынып, ұзақ уақыт бойы иегірлмеген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарыла бастады.

Исатай ауданында 12 мың гектар жайылым мен шабындық алқаптың бос жатқаны анықталды. Аудандық жер қатынастары бөлімі жыл басынан бері  30-дан  астам құжатты тексеріп, 26 тұлға бос жатқан жерін өз еркімен мемлекетке қайтаруға келісті. Тағы 4 құжат қаралу үстінде. Қайтарлған жер телімдері жаңадан құрылып жатқан және мал басын көбейту мақсатында жайылымдарын кеңітуге өтініш берген тұлғаларға беріледі.

Ақжол Елубаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Осы жылдың аяғына дейін 38 өтініш келіп түсті ауылшаруашылығы мақсатында жер алуға Қазіргі уақытта ҚР Жер кодексіне сәйкес, құжаттар рәсімделуде. 15 желтоқсанға дейін құжаттарды тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 25 желтоқсанда рәсімдеу жұмыстары басталады.