Қытайдан транзиттік тасымал екі есе өсті

Қазақстандағы транзиттік тасымал көлемі ұлғайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев мәлімдеді. Биыл 9 айда Қазақстан аумағындағы жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 22 пайызға артық.

Тасымалмен айналысатын операторлардың 42 пайызы - отандық компаниялар. Ал тасымалдың басым үлесі Қытайға, еліне тиесілі. Бұл бағыттағы жүк тасымалы екі есе өсіп, 1,5 миллион тоннаға жеткен. Десе де, Еуропаға дейінгі транзит көлемін одан әрі ұлғайтудың мүмкіндігі зор. Осы қарқын сақталса, 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы транзит деңгейі 5 есеге артады. «Бұл ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз», - дейді вице-министр.