Өскемендік волонтерлер ерекше балаларды оңалту орталығына қолғабыс етіп жүр

Өскемендік студенттер мен оқушылар ерекше балаларды оңалту орталығында қолғабыс етіп жүр.

Реабилитолог-логопед пен емдік дене шынықтыру жасайтын маманға көмектеседі. Еріктілердің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу оңай емес. Сондықтан сала мамандарына қолдау қажет-ақ. Облыста төрт волонтёрлік топ құрылған. Құрамында жергілікті оқу орындарының бес мың студенті бар.

Мадина Әуренова, оңалту орталығының директоры:

- Жыл көлемінде біз волонтёрлермен тікелей жұмыс жасап келеміз. Бұл жұмыстағы аса маңыздылық бұл волонтёрлердің ата-аналар мен мамандарға көмегі. Себебі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен жұмыс жасау үшін, мысалы, әр маманның жұмыс жасауы үшін жеке қолдар керек. Әрбір баланы ұстап отыратын жеке адам керек.

Қорлан Туғамбаева, волонтёр:

- Біз түрлі бағытта жұмыс жасаймыз. Бұл медиа, әлеуметтік жағынан, экологиялық жағынан және басқа да бағыттарымыз бар. Бүгінгі күні біз «Демеу» оңалту және түзету орталығындамыз. Кішкентай ботақандардың шашын алып, сыйлықтарын беріп, көңілді уақыт өткізу үшін келдік. Бұл орталықты бірінші рет емеспіз.