Кәсіпкер 8 мың кітап сыйға тартты

Кәсіпкер, меценат Исламбек Салжанов кітапханаларға инновациялық технологиялар жайында жазылған 8 мың кітапты сыйға тартты.

Қазақ тіліндегі жаңа технологиялар туралы төрт әлемдік бестселлер еліміздің барлық қалалық және облыстық ағарту орындарына жіберіледі. Олар «Блокчейн технологиясы», «Ақшаның қысқаша тарихы», «Криптовалюта дәуірі» және «Шындық машиналары» деген туындылар.

Исламбек Салжанов, "Altyn Qyran" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

- Елімізде 75 пайыз еліміздің ұл қыздары қазақ тілінде оқып жатыр. Әрине, ол қуантатын жағдай. Үздік әлемдік кітапты біз қазақ тіліне аударып, үш қала, 18 облыс, 168 аудандық кітап хана бар екен. Бір мақсатымыз осы барлық көпшіліккке, ауылдың балаларына жеткізу.