Астанадағы көктайғақ: жарақат алғандар көп

Астанада көктайғақта тайып құлап, дәрігер көмегіне жүгінгендер саны артты.

Мәселен соңғы 2 күнде 500-ге жуық адам травматологиялық пунктке келіп, қажетті ем-дом алды.

Дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің арасында белін және иығын сындырған тұрғындар бар. Бұған қоса тобығына не білегіне зақым келген жайттар жиі кездеседі. Соның салдарынан соңғы бірер күнде 33 адам ауруханаға жатқызылды.  

Алексей Солод, №1 көпбейінді қалалық аурухана бөлімінің жетекшісі:
- Бұндай жағдайлардың алдын алған абзал. Өйткені көпшілік немқұрайлықтың кесірінен ауруханаға түсіп жатыр. Әлі күнге дейін көп жерде көктайғақ. Мұз қардың астынан көрінбеуі мүмкін. Сондықтан көшеде мұқият болу керек. Арнайы аяқкиімдер киюге және қауіпті аумақтарды айналып өтуге кеңес беремін.

Иә, мұндай жағдайдың алдын алатын бірнеше әдіс бар. Әсіресе мынадай арнайы табандардың сатылымы соңғы күндері күрт көбейді. Бағасы – 4 мың теңге. Оны көбіне кішкентай балалар мен егде жастағы адамдарға алады. Дүкен аралап іздеп жүрмей, онлайн тапсырыс беруге де болады.

Айсұлу Шәріпхан, сатушы:
- Барлық жас деңгейіне арналған үлгілері бар. Қалада көктайғақ болған кезде сұраныс күрт артады. Мәселен, бүгін 30 данасын сатып үлгердік. Енді қосымша тағы тапсырыс беріп жатырмыз.

Бұл қызметтің құны 8 мың мен 10 мың теңгенің арасында және оған да сұраныс кәдімгідей артқан. Мәселен, елордадағы дәл осы шеберханаға бір күнде 15 тапсырыс түсті. Сонымен қатар, әрине, бұрыннан келе жатқан және әлдеқайда қолжетімді әдістер де бар. Оның ішінде кейбіреулер табанына медициналық жапсырма орнатады не арнайы таяқша ұстап шығады.  Бұндай көктайғақ кезінде дұрыс құлай білудің де маңызы зор.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ырыстанбек Оспанов