Ақмола облысында оқушылар қашықтан оқиды

Ақмола облысында үскірік аязға байланысты оқушылар қашықтан оқымақ.

Колледждердің бірінші және екінші курс студенттері де онлайнға ауысты. Синоптиктердің айтуынша, бүгін ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді. Желдің бағыты секундына 14 метрге жетеді. Қазір барлық бағыттағы жолдар ашық. Тек кешқұрым аяз күшейсе, көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Барлық тас жолда полицейлер мен құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік жасайды.

Дулат Қайыртаев, ТЖД аға инженері:

- Қазір өңірде ауа райына байланысты тасжолдарда 268 жылыту және 213 тамақтану бекеттері ұйымдастырылды. Жылыту бекеттеріне 29 адам жеткізілді. Оның 5-і бала болса, біреу шетел азаматы.