Көпқабатты үйлер мен жатақханалардың өрт қауіпсіздігі қайта тексеріледі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Оның сөзінше, тұрғындардан түскен арыз-шағымның 60 пайызы нысандардың әу баста дұрыс жоспарланбағанын көрсетеді. Яғни азаматтар, жобалау мен құрылыс сатысында өрт талаптарының қарастырылмағанына шағымданады. Ал оның салдары қайғылы жағдайға алып келеді.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Стоп құрылыс тобы мүшелерінің бір ғана өтінішінде Алматы қаласында өрт қауіпсіздік талаптары бұзылғаны 11 тұрғын үй кешені бар екенін көрсетті. Алматы қаласындағы 13 адамның өмірін алып, хостелде болған қайғылы оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Аталған жағдайда коттеждер мен үйлерді қайта жабдықтау үрдісінің өсуі ықпал етіп отыр. Әсіресе Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.