Балқаш қаласында жылу жүйесі қалпына келе бастады

Коммуналдық қызмет мамандары құбырда болған апатты толық жойды.

Еске салсақ, осыған дейін бас магистральдердің бірі төрт жерден жарылып, 5 көшедегі 40 көпқабатты үй жылусыз қалған. Арнайы бригада жөндеу жұмыстарын түні бойы жүргізді. Бүгін 10 үйдің тікқұбырларындағы ақау ретке келтірілді.

Сапар Сатаев, Балқаш қаласының әкімі:

- Казіргі таңда қала бойынша магистральдық және басқада жүйелерде жылу бар. Параметрлер түзелді. Жалпы 25 адам, 10 техника жұмыс істеді. Қазір КСК мен Балқаш жылумен бірге 8 бригада қала бойынша жұмыс жасап отыр. Қалған 10 үйге жылу беру жұмыстары жүріп жатыр.