Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақ халқы қарулы қақтығыстан зардап шеккен Палестина жұртына гуманитарлық көмек жібереді.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек және төсек орындары бүгін арнайы ұшаққа толық тиелді. Жүк қазір Ақтау қаласында тұр. Жолға ертең шығады деп жоспарлануда.

Таяу шығыстағы тауқымет Палестина халқын тығырыққа тіреді. Өлім мен өмірдің ортасында қалған жұрт жаппай сыртқа ағылып, бас сауғалап жүр. Үйсіз-күйсіз тентірегендердің қатарында балалар мен қарттар да бар. Қазақ халқының көмегі осы Газадағы дәрменсіз жұртқа дауа болмақ. Мамандар ел аманатын қаз қалпында жеткізуді таңсәріден бастап кетті.

Бекзат Аманов, тілші:

- Палестинаға баратын гуманитарлық көмектің алғашқы легі тиеліп жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, бірінші болып қап-қап күріштер тиелуде. Жалпы, жүктің салмағыү 40 таннаға жуық. Мұның ішінде азық-түліктен бөлек дәрі-дәрмек пен төсек-орындары да бар.

Лық толған ұшаққа 14 түрлі тауар сыйды. Жүкті дайындауға төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімнің сарбаздары жұмылдырылды. Олардың сөзінше гуманитарлық көмекті дайындауға 3 күн кеткен.

Жақсылық Әшім, ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі батальонының штаб бастығы:

- ТЖМ бұйрығымен 28237 әскери бөлімінің 30 әскери қызметшісі және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Мемлекеттік материалдық резерв қоймасынан азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да 14 түрлі тауар жүк ұшағына тиелді. Қазақ елінің аманаты қызық жарты ай қоғамының өкілдеріне тапсырылады.

Жүк “Қызыл жарты ай” ұйымының өкілдеріне беріледі. Оны мұқтаж адамдарға таратып беру де солардың мойнында. Бұл іс халықаралық қауымдастықтың бақылауында болады.

Бекзат Аманов, тілші:

- Ал енді осы жүктерді менің жанымда тұрған ИЛ 76 деген алып ұшақ Палестинаға жеткізеді. Жалпы, бұл әуе көлігі 50 тоннаға дейін зат көтере алады. Мамандардың айтуынша, дәл осы қызметке арналған теңдесіз көлік құралы.

Бақытжан Медеуов, "Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясы IL76 ұшағының екінші ұшқышы:

- Бұл самолет орысша айтқанда военный-транспортный самолет. Ресейдің және бұрыңғы елдерінің барлығында әлі күнге дейін қарулы күштерінле қолданылады. Бұл самолет тек қана қарулы күштерде ғана емес, азаматтық авиацияда да кеңінен таралған. Египеттің Эль-Ариш аэропортына қонамыз. Әскери аэропорт деді бізге. Біздің самолет қона алады.

Гуманитарлық көмек тиелген ұшақ ертең Египеттің Эль-Ариш қаласына шығады. Жолдың ұзақтығы шамамен 3,5 сағат. Бұған дейін де Президент тапсырмасымен Қазақстан тарапы Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек жіберген еді. Міне осы игі іс жалғасын тауып отыр.

Авторлары: Бекзат Аманов, Арман Ақшабаев