Әлеуметтік мекемелерге көкөніс қымбат сатылған

Екі өңірдің балабақшалары мен әлеуметтік мекемелеріне көкөніс қымбат сатылған.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы 1 келі сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден алған. Тиісті тексеруден кейін, азық-түлік жеткізуші делдал тізімнен алынды. Ал көкөністердің бағасы 2 есе төмендетілді. Солтүстік Қазақстан облысында жеке кәсіпкер базардан картоп келісін 141 теңгеден алып, оны аудандық балабақшаларға 250 теңгеден берген. Мамандар, әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауын ескертеді.