Биыл елде 2 мыңнан астам көлік өртеніп кеткен

Мамандар жүргізушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамайтынын айтады.

Астанаға аяз келгелі 11 күнде 14 машина отқа оранған. Мұндай оқыс оқиғадан қалай сақтанамыз.

Апат айтып келмейді. Кеше дәл осы көлік өртеніп кетті. Өрт сөндіру қызметкерлері мен төтенше жағдайлар өкілі жедел жетіп, отты ауыздықтаған. Нақты себебі анықталып жатыр дейді. Дегенмен, Арқаның саршұнақ аязында мұндай өрт  көбейетіні белгілі.

2 Күнде 6 көлік өртенді

Қарағанды облысында да өткен демалыс күндері 6 темір тұлпар жанып кетті. Көлік иелері автомашиналарын жылыту үшін қатты аязда ашық от қолданған. Одан бөлек, электр сымының тұйықталуынан от тұтанған. Әсіресе, ескі автокөліктерде ақау көп болады -дейді мамандар. Жыл басынан бері облыста 145 көлік өртеніп кеткен. Барлық жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Елдос Кеңесов, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері:

- Өрттің себебі авто от алдыру себебінен болып жатыр және  көлік от алмағандықтан ашық күйінде отты қолданудан болады. Статистикаға сүйенсек былтырмен салыстырғанда биылғы көліктің жануы бірдей көрсеткіште.

Қақаған аязда қатып қалған көлікті жылытамын деп апатқа тап болғандарың саны Астанада биыл 190-ға жетеді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 көлікке көп. Мамандар ең үлкен қателік қатты аязда ашық от қолдану дейді. Оның соңы қайғылы жағдайға апаратыны белгілі.

Думан Бақыткелдіұлы, көлік жөндеуші:

- Қазіргі таңда көліктер жиі өртеніп жатыр. Оған басты себеп көліктерді қысқа толық түрде дайындамағаны себепті. Сондықтан көліктерді қысқа алдын ала дайындап, свича, май, суларын ауыстырса ол көлік қысқа дайын деп есептелінеді.

Ескі көлік те, жаңа көлік те күтпеген жерден өртеніп кетуі мүмкін. Сондықтан темір тұлпарды қысқа сақадай сай етіп, құрал-саймандарын жаңартып, дайындап қойған жөн. Ал бұл ереже сақталмаған жағдайда, көлігіңізді оталмай қалуыв да ғажап емес. Оны оталдарудың өзі арзан емес. Қалтаңыздан 20-30 мың теңгені қағып түсіреді.