Атырауда жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар берілді

Атырауда жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар берілді

Атырауда жас кәсіпкерлерге 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді.

Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауына 50-ден аса азамат өз жобасын ұсынған. Олардың оны үздік деп танылып, қайтарымсыз грантқа ие болды. Сала мамандары мен сарапшылардан құралған комиссия жобаларды 5 бағыт бойынша қараған. Енді жеңімпаздар жыл соңына дейін Медиа, ақпараттық технологиялар, ғылым, бизнес және мәдениет бағыттарында жобаны жүзеге асыруы керек. Ұйымдастырушылардың сөзінше жастардың кәсіппен айналысуына мүмкіндік беретін мұндай игі бастама келер жылы да жалғасын табады.

Қуат Жанесеев, кәсіпкер:

- Қазіргі таңда өзім секілді мүмкіндігі шектеулі балалар үйден көп шыға бермейді. Сол балалар ата-анасымен серуендеп, өзге де балалар коньки тебуге және тюбинг деген бар, соған сырғанауға мүмкіншілік жасап жатырмын. Грантты алудағы бірден бір себебім, ұтымды жағы – көпбалалы ата-аналар бар, мүмкіндігі шектеулі балалар, ерекше балалар бар ата-аналарға тюбингті тегін берем.

Эльдар Төремұратов, қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының м.а:

- Алдағы уақытта бұл жобаларды ұтып алған қатысушыларды өзіміз қадағалаймыз. осы жобаны жылдың аяғына дейін бастауларына мүмкіншіліктері бар жалпы.