Сот жүйесін оң өзгерістер күтіп тұр

Елдегі сот жүйесін бірқатар оң өзгеріс күтіп тұр.

Айталық Сот алқасының құзіреті кеңейеді. Отставкадағы судьялар үшін  әлеуметтік пакет жасақталады. Сондай-ақ заңгерлер Сот төрелігі академиясында оқуға мүмкіндік алмақ. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировтың кездесуінде айтылды. Қазіргі таңда елімізде сот жүйесін реформалау жөніндегі заңнамалық түзетулердің екінші блогы талқыланып жатыр. Оны Сенат алаңында құрылған арнайы жұмыс тобы әзірлеген болатын. Өзгерістер Конституциялық заңға, процестік кодекстерге және өзге де бірқатар заңға енгізіледі.