Қызылордада қатты жел ғимараттардың шатырын жұлып кетті

Қызылорда қаласында жел күшейіп, бірнеше ғимараттың қасбеті мен шатыры ұшып кетті.

Жеңіс көшесіндегі көпқабатты үйдің қаңылтыр қаптамасы түні бойы екпіні басылмаған желге шыдамай, құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл тұрғын үй үш жыл бұрын қайта жаңғыртудан өткен. «Жел басылғаннан кейін ғимараттар қайта қалпына келтіріледі», - дейді қала әкімдігінің өкілі. Бүгін Қызылорда облысында желдің ұйытқуы секундына 28 метрге дейін жетті.

Ғалымжан Еркебай, қала әкімінің орынбасары:

- Нақты қазіргі таңда біздің есебімізбен 5 ғимараттың сырты қасбеттерінде кейбір жерлерінде ақау пайда болып жатыр. Енді ол осы жазда қапталған қасбеттерінен екі ғимараттың линарный заттары шыққан. Оны қалпына келтіріп қойды. Бір ғимараттың шатыры ұшқан. Военный часть Қызылжармадағы. Ол өз есебінен істелетін болады.