Жамбыл облысында табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Аймақта қарлы боран соғып, жолдар жабылған. Облыстың 4 ауданында 9000-ға жуық абонент электр қуатынсыз қалды. Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында 500-700 адамнан бар екен. Тағы 12 жүк пойызы уақытынан кешігіп жатыр. Жағдайдың жай-жапсарын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Карина Карташовадан сұрасақ.