Аязда жолда қалған 2 мың адам құтқарылды

Қазақстандық полицейлер аязда қалған 2 мың азаматты құтқарды.

Елдің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз. Соған байланысты 50-ге жуық халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жол жабық. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге аяғзда қатып қалған көліктерін қыздырып, автоколонналарды сүйемелдеуге көмектескен. Қазір 331 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.