Жамбыл облысында ахуал тұрақты

Жамбыл облысында 2 күнде қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық жолаушы құтқарылды.

Сонымен қатар Алматы – Ташкент тас жолының Қордай аумағындағы жолдар тазартылып, көлік ағыны жіберіле бастады. Ал жарыққа жауаптылар электр қуатынсыз қалған 32 елді мекеннің жартысын желіге қайта қостық, - деп есеп беруде.

Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда 6 жылу пунктінде 1883 адам келіп орналастырылды. Барлық бірінші көмекті алды. Арнайы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Өкінішке орай, бүгінде жүргізушілер жолдағы блок бекеттерді айналып өтуге тырысқан жағдайлар анықталуда. Соңғы екі сағатта ішінде құтқарушыларддың күшімен 100-ден астам адам 48 жеңіл автокөлік эвокуацияланды. Құтқару жұмыстары қазіргі таңда жалғасуда.  

Дүлей дауыл электр желілерін үзіліп, бағаналарды құлатқан. Салдарынан Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандарындағы 32 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл 9000-ға жуық абонент. Қазір қалпына келтіру жұмыстарымен 23 бригада айналысуда.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Біз 32-ден 17 елді мекенге электр қуатын қайтадан қосып, процесін жалғастырып жатырмыз. Қар 2 метрдей қалың болған соң ол жаққа Қазавтожол техникасы да өте алмай қалды. Сол себептен біз әскери күштердің техникаларын жұмылдыруға мәжбүр болдық.

Жамбылдық құтқарушыларға полиция департаменті мен Алматы облысының төтеншеліктері көмекке келді. Қазір120 бірлік арнайы техника құтқару және жолдарды тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Қалың қар темір жолдарды да жауап қалған. Салдарынан 11 жолаушылар пойызы тоқтатылды. Әр станцияда кестеден кешіккен пойыздарды күткендер бар.

Ашина Жолдыбек, жолаушы:

- Біз 9:15 те шығып кетуіміз керек еді. Күтіп отырғанымызға 3 сағат болды. Тағы 4 сағат күту керек дейді. Тараздан Шымкентке жол жүруіміз керек еді. 

Озғанбай Түзелбаев, жолаушы:

- Пойыз сағат 10-да жүру керек еді. Әлі жоқ. Келгенде ауа райының қолайсыздығы шығар оған мейлі. Бірақ мынау ЖД вокзалдың условиясы ұнамады бізге. Енді жылуды жасауға болады ғой басқа-басқа. Ішіне тазалығына, тамағы қымбат.

Таңнан бері темір жолшылар жол тазалаумен айналысып жатыр. Соңғы екі тәулікте шойын жолдан 1000 текшемертден аса қар тазаланды. Жүк пойыздары уақытша тоқтатылып, жолаушылар пойызындарын өткізіп жатыр.

Мерей Бает, тілші:

- Жолда қалған жолаушылар пойызы біртіндеп жүре бастады. Таңертең вокзалда өз бағытын күткен 100-ге жуық жолаушы болса. Қазір олардың саны біршама саябырсыған. Вокзал басшлығы бір бағытқа кететін жолаушыларды, сонда кетіп бара жатқан пойыздарға мінгізіп жіберіп жатыр. Онымен қоса облыстың автомобиль жолдарында қалып қойған 300 ге жуық жолаушылар да сол пойыздармен өздерінің үйлеріне жеткізіліп жатыр.

Аймақта қосымша 825 орындық 9 жылыту пунктері ұйымдастырылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті жедел көмек желісін іске қосты. Ал Қазгидромет алдағы күндері желдің ұйытқуы секундына 30 метрге дейін жалғасады деп болжам жасап отыр.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә