5 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Қазір Алматы, Түркістан, Атырау, Жамбыл және Жетісу өңірлерінде жол нашар көрінгендіктен, қозғалыс қиындаған. Бұл аймақтарда қар аралас жауын жауып, боран соғып тұр. Қазір жолдарды тазалау мен қар құрсауында қалып қойғандарды құтқару үшін 252 арнайы техника жұмылдырылды.