Шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трафикті және байланыс желілерін заңсыз пайдаланған Қазақстан азаматын ұстады.

Ең сорақысы, ол шетелдік алаяқтарға Қазақстанға шалған қоңырауларын жасыруға көмектескен.

Айта кетейік, бұл операция шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асырылған.

Күдікті байланыс операторларына залал келтіре отырып үстемақы алып отырған. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып, қазақстандықтарды сан соқтырған. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.