Павлодар облысының әлеуметтік нысандарында көмір жеткілікті

Павлодар облысының әлеуметтік және мәдени нысандарында көмір қоры жеткілікті.

Жылыту маусымының соңына дейін толық жетеді дейді мамандар.  Облыстың энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, көмір сататын орындарда 23,5 мың тонна қатты отын бар. Тоннасы 13 пен 18 мың теңге  арасында сатылып жатыр. Айта кетейік, биыл өңірге бірнеше модульді қазандық алынды. Оның бірі Көктөбе ауылындағы орта мектепке орнатылды. Модульді қазандыққа көшкен мектептерде жылу сапасы жақсарған.

Сандуғаш Кенжебаева, Көктөбе ауылдық  мектебінің директоры:

- Көмір жағынан экономия болып тұр. Себебі мына жаңа заманауи пештердің жағылуына  байланысты экономия бар жақсы, жылу да жоғары беріледі.

Жаңбырбай Адамжанов, Көктөбе ауылдық мектебінің шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Биыл қазан айында қосылды, қазір мектебіміз жылы. Ата-аналар, оқушылар, қызметкерлердің барлығы қуаныш үстінде. Мынау аяздарда үш қазандық жанып тұр міне, мына «Богатырь –Екібастұз» көмірі. Қазір мұнда алты от жағушы істейді. 900 тонна көмір жеткілікті, келіп жатыр міне.