Ішкі туризмді дамыту маңызды. Ақмарал Меңлібек

Елімізде туризм саласын дамыту үшін орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені белгілі.

Сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру. Оның үстіне кей елдердің бағасы біздің елдегі демалыс аймақтарымен салыстырғанда арзанға шығатынын демалушылардың өздері айтып жатыр.

Сондықтан саяхатшылардың көп бөлігі Қазақстанды емес, шетелді таңдап жатады. Ал алыстан ат терлетіп келетін саяхатшылар да тиісті жағдайды іздейтіні жасырын емес. Ішкі туризм қаншалықты артты? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін студиямызға Туризм индустриясы комитеті басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Жұмабекқызын арнайы шақырдық.